empty
 
 

ИнстаФорекс ұсынған инновациялық InstaCopy жүйесі жүйеде тіркелген трейдерлерге, сервиске жазылушылардың олардың мәмілелерін көшіргені үшін төлем шарттарын басқаруға мүмкіндік береді. Табысты Форекс–трейдерлер, өз мәмілелерін көшіру бойынша қызметті алу мүмкіндігін аша отырып, көшірілген әрбір мәміледен сыйақы алады немесе жазылудың әр күні үшін комиссия алады.

InstaCopy Трейдер болу үшін, ИнстаФорекс компаниясының кез-келген серверінде нақты шот ашып және InstaCopy жүйесінде трейдер ретінде тіркелу керек. Тіркелгеннен кейін трейдер, InstaCopy Жазылушылар оның мәмілелерін көшіретін шарттарды баптайды. Жалпы, комиссияның үш типі бар:

Профитке жабылған мәмілелерден алынатын комиссия:

  • жобаға жазылған InstaCopy Жазылушы профитпен жабылған әрбір мәміледен төлейтін комиссия;
  • жобаға жазылған InstaCopy Жазылушы профитпен жабылған әрбір мәміледен 0,01 лот үшін төлейтін, 0,01 лоттың комиссиясы;
  • жобаға жазылған InstaCopy Жазылушы профитпен жабылған әрбір мәміледен беретін пайдадан пайыз.

Саудаланған мәмілелер көлемінен комиссия:

  • жобаға жазылған InstaCopy Жазылушы күн соңында төлейтін, көшірілген және пайдамен немесе шығынмен жабылған барлық мәмілелерден Жазылушының шотына 0,01 лот үшін төленетін комиссия;
  • InstaCopy Жазылушының әрбіреуі саудалаған 1 лоттан, ИнстаФорекс компаниясы төлейтін, 0,5 пипс көлеміндегі комиссия. Комиссияның бұл типі InstaCopy-жобаны жазылушылардың көшірулері үшін тегін етуге және оның тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жазылудың әрбір күні үшін комиссия:

  • Форекс нарығында сауда жүргізілмеген (25 желтоқсан және 1 қаңтар) және демалыс (сенбі және жексенбі) күндерін қоспағанда, жазылудың әрбір күні үшін төленетін баға.

ИнстаФорекс ұсынған InstaCopy жүйесіне тіркелгеннен кейін, сіздің трейдер шотыңыз, күн сайын сәтті инвестиялық жобаларды іздестіру мақсатында мыңдаған ықтималды жазылушылар қарайтын ашық мониторингте автоматты түрде орналастырылады. InstaCopy жүйесінде жазылушылар санына шектеулер жоқ, сондықтан бір InstaCopy Трейдердің мәмілелерін бүкіл әлем бойынша ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған жазылушылар көшіре алады. Мәмілелерді көшіру жүйесінің өзі толығымен автоматтандырылған және Форекс нарығындағы саудаға ғана көңіл аударуына мүмкіндік беріп, трейдерден ешқандай артық іс-әрекеттерді талап етпейді.

InstaCopy Трейдерлері, сондай-ақ, InstaCopy жүйесінде тіркелген және мониторингін қарау мүмкін болатын, басқа трейдерлердің мәмілелерін көшіре алады. Бұл, мәмілелері кешенді түрде көшірілетін және солардың бірінің қаражатынан айырылып қалу ықтималдығы жабылатын, трейдерлер тобының және бір трейдердің мәмілелерін аздаған масштабта көшіретін жазылушылар тобының арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Жұмыстың бұл схемасы өте қызықты, өйткені, басқа трейдерлердің мәмілелерін көшіретін трейдер, олардың саудасына талдау жүргізеді, оның тәуекелдері техникалық және іргелі талдауды қолдана отырып, Форекс нарығындағы сауданың әртүрлі әдістерінің арқасында орташаланған.

Трейдердің комиссияны алуы комиссияның түріне қарай, күн сайын жүзеге асырылады немесе жазылу тоқтатылғаннан кейін жүргізіледі. Трейдер жазылушыдан жазылудың әрбір күні үшін комиссияның белгіленген сомасын алады, егер белгіленген болса, немесе жазылушы трейдерге жазылуды тоқтатқаннан кейін пайдамен жабылған мәмілелерден комиссиялық сыйақы төлейді, бұл ретте комиссия таңдап алған трейдерге жазылудың барлық кезеңінің қорытындысы бойынша пайда мен шығыны ескеріліп, жиынтығы есептеледі. Саудаланған лоттардан комиссияны, InstaCopy Жазылушылардың шоттарында көшірілген мәмілелер болған жағдайда, компания күнделікті есептеп жазады. Комиссиялық төлемдер автоматты түрде жүзеге асады және араласуды қажет етпейді. Екі тарап та уақыттың осы сәтінде төленетін комиссияны нақты уақыт режимінде көре алады.

Бір мезетте InstaCopy және ПАММ жүйелерінде тіркелу.

ИнстаФорекс клиенттерінің бір мезгілде бір сауда шотынан екі сервиске тіркелу мүмкіндігі бар. Сөйтіп, бір шотта саудалап, трейдер өзінің мәмілелерін InstaCopy жүйесінің аясында көшіруге рұқсат етумен қатар, өзінің ПАММ-жобасына инвестицияларды қабылдай алады. Өз кезегінде, ИнстаФорекс компаниясының клиенттері, бір мезгілде екі жүйеде тіркелген қандай да бір трейдердің саудасынан өз пайдасын қандай тәсілмен алуға ниетті екенін — оны ПАММ-инвестор ретінде ПАММ-жобаға инвестициялау немесе оның мәмілелерін InstaCopy Жазылушы ретінде көшіруді өздері таңдай алады.

ИнстаФорекс ұсынған InstaCopy кәсіби сауданың аспаптарымен көбірек табыс табыңыз!


Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.